Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен Қарағанды облысында мемлекеттік-конфессиялық саясат, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 27-28 сәуірінде Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен Қарағанды облысында мемлекеттік-конфессиялық саясат, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараға дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Д.Полтаренко, Дін істері жөніндегі басқарманың өкілдері, облыс прокуратурасының жеке құрамы, қала, аудан прокуратураларының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының құрметті профессоры Шакимова Лола Сергеевна шақырылды.
Семинарда конфессияаралық келісімді нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.