Қарағанды облысы прокуратурасының қадағалау қызметінің қорытындылары

Қарағанды облысы прокуратурасының қадағалау қызметінің қорытындылары

Облыс прокуроры Құсайын Игембаевтың төрағалығымен қадағалау ведомствосының алқа отырысы өтті, онда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленді.

Жұмысқа өңір прокуратурасының, Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының басшылығы, қалалар мен аудандардың прокурорлары қатысты.

Отырысты аша отырып, облыс прокуроры өткен кезеңде құқық қорғау жүйесіне қылмыстық-құқықтық реформалар енгізілуі азаматтар мен бизнес проблемаларының тиімді шешілуіне қадағалауды күшейтуге мүмкіндік бергеніне ерекше назар аударды.

Алқада облыс прокурорының орынбасарлары Мемлекет басшысының алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға және есірткі саудасына қарсы іс-қимыл, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы баяндады.

Қылмыстық процестің жаңа моделін енгізу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың қызметін трансформациялап, қылмыстық процесс барысында азаматтардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғауды қамтамасыз еткені атап өтілді.

Ағымдағы жылы прокурорлар 2 мың шешімді келісуден бас тартты. Жұмыстың бұл форматы бұзушылықтарды дереу жоюға және азаматтарды қылмыстық процеске негізсіз тартуға жол бермеуді қамтамасыз етті.

Әлеуметтік-экономикалық салада дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану, азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер бойынша талдаулар мен тексерулер жүргізілді.

Нәтижесінде, прокурорлардың қадағалау актілері бойынша жалақы берешектері 10 есеге (184 млн-нан 11,2 млн-ға дейін) төмендетілді. Алимент бойынша қарыздар 30% - ға (3,5-тен 2,2 млрд теңгеге дейін) азайды және жұмысқа орналасқан борышкерлер саны 30 есеге (16-дан 448-ге дейін) ұлғайды.

943 мың га бос жер анықталды, оның ішінде 77 мың га қайтарылды, мемлекеттік бюджетке 2,1 млрд теңге өндірілді, азаматтық процесте 350 млн теңгеге бюджет шығынының, сонымен қатар 7,7 млрд теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алуға жол берілген жоқ. 321 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар алынып тасталды, 2 кәсіпкер 885,3 млн теңгеге салынған айыппұлдардан босатылды.

«Қылмысқа қарсы тұру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейін, халықтың сенімін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деп түйіндеді облыс прокуроры.

Алқа қорытындысы бойынша өңір прокуроры алдағы жылға басым міндеттерді белгіледі.

Қарағанды облысының прокуратурасы