Зілтемірді жатып көтеру және қосымша салмақпен ауырлатылған қоссырықта тартылу бойынша ашық чемпионаттың РЕГЛАМЕНТІ

Зілтемірді жатып көтеру және қосымша салмақпен ауырлатылған қоссырықта тартылу бойынша ашық чемпионаттың  РЕГЛАМЕНТІ
  1. Бастамашы және ұйымдастырушы:

* «Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ

  1. Келесі мерекелерге орай:

* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

* Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

* Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына 30 жыл

  1. Мақсаты мен міндеттері:

* Салауатты өмір салтын насихаттау

* Жастар арасында күш қолданылатын спорт түрлерін насихаттау

* Халықты спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту

  1. Өткізу мерзімі мен орны:

* Жарыс 2021 жылдың 1 желтоқсанында өткізіледі – «Жеңіл атлетика манежі» (Қарағанды қ., Комиссаров көшесі 45а)

  1. Өлшеу және тіркеу:

* 2021 жылғы 1 желтоқсан (сәрсенбі – демалыс күні) сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін

* жарыс сағат 10: 00 басталады

* кіру тегін

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе төлқұжатыңыз болуы тиіс

  1. Жарысқа қатысушылар:

Жарыстар ашық болып табылады, қатысуға 18 жасқа толған, «жасыл мәртебесі» бар (яғни вакцинацияланған), тиісті спорттық-техникалық дағдылары бар және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.

  1. Өткізу шарттары:

Жарыстар экипировкасыз өткізіледі. Спорттық керек-жарақтың міндетті түрі-борцовка, футболка және кроссовкалар (штангеткалар). Қол таңғыштарға рұқсат етіледі.

Әр қатысушы жарысқа қатысар алдында өзінің дәрігерімен турнирге қатысуға қатысты кеңесуі керек. Барлық спортшылар ауыр жарақат алуы мүмкін екенін түсініп, тәуекелге барады. Ұйымдастырушылар спортшылардың денсаулық жағдайына, сондай-ақ жарақаттармен байланысты тәуекелдерге жауап бермейді.

  1. Салмақ және жас санаттары:

66 кг., 74 кг., 83 кг., 93 кг., 105 кг. және 105 кг-нан жоғары. 45 жастан асқандар абсолютті зачетта бөлек қатысады.

  1. Марапаттау:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталады (1,2,3 орын).

Жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша жарыстың ұйымдастырушысымен және бас төрешісімен байланысуға болады (Олег Бутенко, +7 701 233 42 55)