Құрметті қарағандылықтар және облыс қонақтары!

Құрметті қарағандылықтар және облыс қонақтары!

2021 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды облысының прокуратурасы зілтемірді жатып көтеру және қосымша ауырлатылған қоссырықта тартылу бойынша ашық чемпионат өткізеді (Регламентті қоса береміз).

Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және халықты спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Іс-шара Тұңғыш Президент күніне, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 30 жылдығына орайластырылған.

Жарысқа қатысу және кіру тегін («жасыл» мәртебесі бар қатысушылар үшін).

Өткізу орны: Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі 45 «а», «Жеңіл атлетика манежі», басталуы сағат 10.00-де (тіркеу және өлшеу ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда сағат 08.00-ден 09.30-ға дейін).                          

Қарағанды облысының прокуратурасы