Прокуратура қызметкерлері арасында турнир өтті

Прокуратура  қызметкерлері арасында турнир өтті

Өңірде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары прокуратуралары қызметкерлері арасында волейбол мен шағын футболдан жарыстар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Турнир Қарағанды облысының прокуроры Құсайын Игембаевтың жарысқа қатысушыларға құттықтау сөзімен ашылды.

Прокуратура қызметкерлері арасындағы осындай спорттық шаралар жыл сайынғы дәстүрге айналғаны қуантады. Мұндай спартакиадалар командалық рухты көтеріп, ұжымдарды біріктіреді.

Ойын қорытындысы бойынша шағын футболдан Қарағанды облысы прокуратурасының құрама командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы иеленді, үшінші орын - Қостанай облысы прокуратурасының еншісінде.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар медаль, кубок, грамоталармен марапатталды.

Қарағанды облысының прокуратурасы