Азаптаудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

Азаптаудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

Прокуратураның бастамасымен, азаптаулар туралы қылмыстық істерді тергеу, сондай-ақ олардың алдын алу жұмысының тиімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы, мүдделі органдардың өкілдері қатысты.

Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтыны айқындалған.

Ведомствоаралық топтың проблемалық мәселелерді жедел шешу жұмысының нәтижелері бойынша азаптау фактілері 50% - ға төмендеді.

Полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында азаматтарға қатысты қол көтермеу және моральдық қысым жасамау, этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

«Соқыр аймақтарды» болдырмау үшін прокурорлар құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық Мекемелердің қызметтік үй-жайларын бейнебақылау камераларымен жүз пайыз қамтуды ұсынды.

 «Бұлтты бейнебақылау» функциясы бар онлайн-режимде прокурорлардың бейнежазбаларды көрулерінің техникалық мүмкіндігін енгізу жоспарланды.