Сәтбаев қаласында прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

Сәтбаев қаласында прокуратураның жаңа  ғимараты ашылды

2021 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында прокуратураның жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті.

Бұған дейін қызметкерлер 50 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта жұмыс істейтін.

3 қабатты жаңа ғимарат бүгінгі күннің талаптарына сай келетін қауіпсіздік, санитарлық және технологиялық нормаларды ескере отырып салынған.

Бұл ғимаратта азаматтар өздеріне қажетті барлық мәліметтерді алуына болады. Келушілерге мүмкіндігінше қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде заманауи күту залы жабдықталып, мүгедектігі бар адамдарға қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген. 

Облыс прокуроры қызыметкерлерді жаңа қоныспен құттықтап, алдағы кезеңдегі міндеттерді белгіледі.

Ғимаратты ашу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кендебай Адамбеков  және Қарағанды облысының прокуроры Құсайын Игембаев қатысты.