Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапты

Аймақ прокуратурасында жарақаттану туралы қылмыстық істерді тергеудегі заңдылықтың жай-күйі (2020 жыл және 2021 жылдың 6 айы бойынша), сондай-ақ олардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігі алқалы түрде қаралды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Аймақтың өнеркәсіптік екені атап өтілді. Мұнда халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігі жұмыс берушілер және бақылау органдарының бірінші кезектегі басты міндеті болып табылады.

Статистикаға сәйкес, өндірісте жарақат алудың 230-ға жуық фактісі, оның 22% немесе 50-і өлімге әкелді.

Қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері, уәкілетті органдардың жұмысы талқыланды.

«Қауіпсіз еңбек» жобасы әзірленді, ол жосықсыз жұмыс берушілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға және еңбек жағдайларының лайықсыз болуына төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, полиция органдарында қолданылып жатқан істерді тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар таныстырылды.

Бұдан басқа, жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарлануда.

 Қарағанды облысының прокуратурасы