Қарағандылық кәсіпкерлерге 850 миллион теңгеден астам сомаға айыппұлдар заңсыз тағайындалғаны анықталды

Қарағандылық кәсіпкерлерге 850 миллион теңгеден астам сомаға айыппұлдар заңсыз тағайындалғаны анықталды

Қарағандылық кәсіпкерлерге 850 миллион теңгеден астам сомаға айыппұлдар заңсыз тағайындалғаны анықталды

 

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елде бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланған. Мораторий Президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен енгізілген.

Ел Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының аумағында прокуратураның жанынан және Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мобильді топтар жұмыс істейді.

Тек осы жылдың ішінде мобильді топтар 9 мыңға жуық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады. 110 заңсыз әкімшілік істер бұзылды, олардың ішінде 12 іс бойынша 850 млн астам теңгеге негізсіз арттырылған айыппұлдар сомасы азайтылды.

Мысалы, Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Altyn Komir Service» ЖШС-не қатысты міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік төлемдерді аудармағаны үшін айыппұл сомасын 893 млн. теңгеден астам сомаға қате есептеу фактілері айқындалды.

Осы кәсіпорын бір бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 4 рет тартылған.

Қадағалау органының араласуынан кейін жалпы сомасы 320 млн теңгеден асатын 12 материал тоқтатытылып, тағы 12 материал бойынша айыппұлдар сомасы 530 млн теңгеге азайтылды. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Сонымен қатар, бизнес субъектілерін бақылаушы органдар тарапынан құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарына хабарласуға шақырамыз.

Облыс прокуратурасының мобильді топтарының байланыс телефондары: 8(701)405-49-99, 8(7212)35-35-33. 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы