Ағымдағы жылы 650 азамат интернет-алаяқтың құрбаны болды

Ағымдағы жылы 650 азамат интернет-алаяқтың құрбаны болды

Жыл басынан Қарағанды облысы аумағында интернет-алаяқтық саны 273-тен 638-ге дейін өскен.

Мысалы, Қарағанды қаласының Октябрь ауданы полиция бөлімінің өндірісінде жәбірленушінің жеке куәлігін пайдалана отырып, оның атына 400 мың теңгеден астам сомаға бірнеше мәрте онлайн-несие ресімдеген қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс болды (іс сотта қаралуда).

Басқа жағдайда, жәбірленуші ұялы телефондар сататын жалған интернет-дүкеннің құрбаны болып, алаяқтарға 330 мың теңгеден астам ақша қаражатын аударды (Шахтинск қ.).

Осыған байланысты азаматтарды интернет-алаяқтықтың келесі негізгі белгілеріне назар аударуға шақырамыз.

  1. Төмен баға. Ұсынылған тауарлардың құны нарықтық бағадан едәуір төмен. «Науқан», «саны шектеулі», «сатып алуға асығыңыз» және т.б. осы тәрізді сөздерге сақтықпен қараңыздар.
  2. 2. Сатушылар мен менеджерлердің шамадан тыс табандылық танытуы. Егер интернет-дүкеннің өкілі тапсырыс беруге немесе тауардың құнын төлеуге асықтыра бастаса, сатып алудан бас тарту керек.
  3. Курьерлік жеткізудің және өздігінен алып кетудің болмауы. Алаяқтар тауарды жіберу туралы жалған түбіртектер ұсынады, қызметтеріне алдын-ала төлем жасауды талап етеді және көзбе-көз қарым-қатынасқа бармайды.
  4. Сатушының немесе дүкеннің тарихы жоқ. Сатушының толық тіркеу деректері жоқ парақшаларға күмәнмен қараңыз. Интернеттегі пікірлерді мұқият зерделеңіз.
  5. Алдын ала төлем талап етілуі. Алаяқтар ақшаны анонимдік төлем жүйелері арқылы немесе жеке тұлғаның картасына аударуды ұсынады. Бұл жағдайда тауарды қайтаруға кепілдік жоқ.

Аталғандармен қатар, бейтаныс адамдарға өз құжаттарыңыздың фотосуреттерін жіберуден және үшінші тұлғалар үшін несие ресімдеуге келісуден бас тарту қажет. Егер Сізге түрлі банктердің менеджерлері қоңырау шалса, оларға жеке деректеріңізді (банк карталарының нөмірлері, CVC-кодтар және т.б.) айтпауды, ең бірінші кезекте банктің Call-орталығына қоңырау шалуды ұсынамыз.

Сонымен қатар, «Viber» мессенджерінде алаяқтардың белсенділігі байқалуда, олар банктердің жалған аккаунттарын жасап, сауалнамадан өтуді және ол үшін сыйақы алуды сұрайды және т.б. ұсынады.

Мессенджерлердегі бейтаныстарға өз картаңыздың деректерін (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVC-код), PIN-кодтарды, интернет-банкингтің логиндері мен парольдерін, 3D Secure паролін, SMS-парольдерді хабарламаңыз, сондай-ақ Сізге таныс емес адамдардың нұсқауы бойынша телефоныңызға бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.

Қарағанды облысының прокуратурасы