Прокурорлар бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін брифингте түсіндірді

Прокурорлар бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін брифингте түсіндірді

23 сәуірде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысының прокуратурасы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу құқығын жүзеге асыру тәртібін түсіндіру бойынша брифинг өткізді.

Іс-шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Виталий Шабер, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров, сондай-ақ облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын қатысты.

Спикерлер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның негізгі талаптарын түсіндірді.

Атап айтқанда, митингілер өткізу үшін алдын ала хабар берудің енгізілгені, демонстрациялар мен шерулер өткізудің келісімдік тәртібі, хабарламалар беру мен қарау мерзімдері, жиналыстар мен наразылық акцияларына қатысушыларға орындар бөлу мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, заңды талаптарды сақтау қажеттiлігiне назар аударылып, митингiлер мен наразылықтарды өткiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылғаны үшiн қарастырылған жауапкершiлiк түсiндiрiлдi.

Қарағанды облысының прокуратурасы