Судьямен бейнежазба бойынша прокуратура түсініктеме берді

Судьямен бейнежазба бойынша прокуратура түсініктеме берді

Қарағанды қаласындағы «Рубин» мейрамханасында шара өткізуге қатысты және ол орындағы прокуратура қызметкерлерінің болғаны туралы облыстық сот судьясының түсініктемесі келтірілген мониторингтік топтың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таратылуда.

Мейрамхана персоналы мен мониторингтік топ мүшелері арасында сауал қою, полиция қызметкерлерінің бейнежазбалық жетондарын және мейрамханадағы бақылау камераларын зерделеу нәтижесімен қадағалау ведомствосы қызметкерлерінің мейрамханада болғаны расталмағанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасы уәкілетті лауазымды тұлғалар растаған ресми ақпаратты басшылыққа алу қажеттігіне назар аударады.

Қарағанды облысының прокуратурасы