Қарағанды облысының прокуратурасында айыппұлдарды өндіру мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының прокуратурасында айыппұлдарды  өндіру мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының 2019-2020 жылдары әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша жұмыс жағдайы бойынша алқа отырысын өткізді.

Іс-шараға облыстық ведомстволардың басшылары қатысты.

Әкімшілік айыппұл әкімшілік жазаның ең көп қолданылатын түрі болып табылатыны атап өтілді.

Нақты орындаусыз аталған шараның алдын-алу және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету  мақсатының мәні жоғалады.

Отырыста жұмысты ұйымдастыруда орын алған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде мәжбүрлеп орындатуға уақытылы жібермеу, сот орындаушыларының нашар жұмысы және әкімшілік практика субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың болмауы талқыланды.

Цифрландыруды дамыту шеңберінде жұмысты оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңінен қолданудың маңыздылығы атап өтілді.

 Алқа қорытындысы бойынша әкімшілік практика субъектілеріне ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту ұсынылды, бұзушылықтарды жоюға бағытталған міндеттер мен шаралар айқындалды.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі