Прокурорлар қылмыстық заңнаманың өзгерістеріне дайын

Прокурорлар қылмыстық заңнаманың өзгерістеріне дайын

Мемлекет басшысының а.ж. қыркүйек айындағы Жолдауын орындау аясында 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Заң а.ж. 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, өзгерістер қылмыстық процесте прокурордың өкілеттіктерін кеңейту жолымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Жұмыстың жаңа нысанына ауыртпалықсыз көшу мақсатында облыс прокуратурасы ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында аумақтық прокурорлар мен қылмыстық қудалау органдары басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Негізгі жаңалық - адамды күдікті деп тану, оның әрекеттерін саралау, тергеу мерзімдерін үзу және қылмыстық істің тоқтатылуын бекіту сияқты негізгі процестік шешімдер бойынша прокурордың келісімен алу қажеттілігі.

Енгізілген түзетулерді ойдағыдай іске асыру қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық прокурорларға азаматтардың құқықтарын уақтылы қорғауды қамтамасыз ету және қылмыстық қудалау органдарының заңсыз шешімдеріне жедел ден қою тапсырылды.

 Қарағанды облысы прокуратурасының  баспасөз қызметі