Есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдағы жылға арналған негізгі бағыттары белгіленді

Есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдағы жылға арналған негізгі бағыттары белгіленді

Қарағанды облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Бүгінгі күні есірткі кез-келген әлеуметтік желі пайдаланушысы үшін қолжетімді болды және оларды сатып алу-сату процесі онлайн форматқа көшті.

Осыған байланысты, отырыста уәкілетті органдардың назары қылмыстық схемаларды ашу әдістерін жетілдіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтып, тәжірибемен алмасу қажеттігіне аударылды.

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарын анықтау екі есеге жуық өскенін атап өту қажет.

Осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тергеуге байланысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды.

Олар үшін ағымдағы жылы қылмыстық жауапкершілік күшейтілген, есірткіні жарнамалауға және оларды интернет арқылы өткізуге қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды,

Отырыс қорытындысы бойынша өңірге есірткі жеткізудің ірі арналарының жолын кесуге, қылмыстық топтарды ыдыратуға, сондай-ақ жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын есірткіге қарсы насихатқа кеңінен тартуға бірлескен күш-жігер жұмсау туралы шешім қабылданды.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі