Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алу туралы

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алу туралы

2020 жылғы 2 желтоқсанда Қарағанды облысының прокуратурасында 2019-2020 жылдары жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алу мәселелеріне арналған алқа отырысы өтті.

Іс-шараға құқық қорғау секторының облыстық ведомстволарының және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 10 айында аталған қылмыстар 16%-ға (749-дан 871-ге дейін), оның ішінде кісі өлтіру 3%-ға (79-дан 81-ге дейін) және жыныстық қылмыстар 37%-ға (129-дан 206-ға дейін) өскені аталды.

Бұл қылмыстардың жасалуына әдетте жұмыссыздық пен маскүнемдік себеп болады. Әр екінші қылмыскер маскүнемдікке шалдыққан және жұмыс жасамайды.

Алалкогольді бақылаусыз, оның ішінде кәмелетке толмағандарға сатылатынына баса назар аударылды. 2 жылдың ішінде уәкілетті органдар 97 кәсіпкерлік субъектілерін лицензиялардан айырған.

Отырыс қорытындысы бойынша профилактика субъектілеріне қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларының санын көбейту, заңмен тыйым салынған уақытта алкогольді сатуға қарсы күрес бойынша өзара әрекеттестікті  күшейту ұсынылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламалар және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл аясында бұрын сотталған адамдарға әлеуметтік, медициналық және құқықтық көмек көрсетуді қоса алғанда, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешенін қабылдау ұсынылды.

Бұдан басқа, прокурорлар полицияға жұмысты жандандырып, қылмыстың алдын алуға қоғамды және белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтардың тартып, патрульдеуге қатысатын еріктілер топтарын қалыптастыру туралы ұсыныс берді.

Қарағанды облысының прокуратурасы