Азаматтардың өтініштері-прокуратура қызметіндегі маңызды бағыт

Азаматтардың өтініштері-прокуратура қызметіндегі маңызды бағыт

Азаматтардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау қоғамның мемлекеттік билік органдарына деген сенімінің негізгі индикаторы болып табылады.

Осыған байланысты, Қарағанды облысының прокуратура органдары күн сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдардың қолданылуына қадағалауды күшейту бойынша шаралар қабылдауда.

Мысалы, «KKK ЛТД» және «Karaganda SAULET KURYLYS» ЖШС басшыларының шағымдары бойынша 45 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегімен қозғалған қылмыстық істердің тоқтатылуы қамтамасыз етілді (ҚК 189-бабының 4-бөлігі).

Өңірдің қадағалау ведомствосы жеке сарапшылардың келтірілген залал туралы қорытындыларын заңсыз деп таныды. Іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Осындай негіздер бойынша прокуратураның араласуынан кейін тағы 2 кәсіпкер қылмыстық қудалау аясынан шығарылды.

Облыстың прокуратура органдары алдағы уақытта да азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты белсенді жүргізетін болады.

Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге қарамастан, облыс прокуратурасының басшылығы азаматтарды түрлі мәселелер бойынша бейнебайланыс режимінде қабылдауды жүзеге асыруда.

Қабылдауға Қарағанды қаласы, Можайский көшесі, 13 «а» мекенжайы бойынша (жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін) немесе 8(7212) 42-40-19 телефоны бойынша жазылуға болатынын естеріңізге саламыз.      

Қарағанды облысының прокуратурасы