
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізу фактісін анықтады.
Салық органы 2024 жылы ғана алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алған кәсіпкердің қызметіне қатысы жоқ 2022-2023 жылдары анықталған, бұзушылықтар туралы мәліметтерді пайдаланған, сонымен қатар салық заңнамасының бұзылуын көрсететін нақты фактілер мен мән-жайлар келтірілмеген.
Прокуратураның наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі талаптарының өрескел бұзылуына байланысты тексеру жарамсыз деп танылды.
Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғасы тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура органдары кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Құқықтары бұзылған жағдайда кәсіпкерлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасына 8 (707) 989-28-59 телефон арқылы хабарласа алады.
Қарағанды облысының прокуратурасы