Қарағанды облысының прокуратурасы балаларға арналған жазғы лагерлерде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды

Қарағанды облысының прокуратурасы балаларға арналған жазғы лагерлерде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды

Қарағанды облысының прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан 1000 астам баланы қамтыған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, психоактивті заттарды қолданудың зиянды салдары, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бағдарлама теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды. Балалар өмірлік жағдайларды талдауға арналған, интерактивті сабақтарға қатысып, полиция және төтенше жағдайлар қызметі мамандарының жұмысымен танысты.

Мамандар арнайы техника мен жабдықтардың мүмкіндіктерін көрсетіп, өз қызметтері туралы айтып, балаларға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды.

Тәрбиешілер мен тәлімгерлерге жанжал жағдайларын, аутодеструктивті мінез-құлық белгілерін дер кезінде анықтау және төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау алгоритмі  бойынша ұсынымдар берілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы