Қарағанды облысының прокуроры «Qarmet» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды облысының прокуроры «Qarmet» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

       2026 жылғы 16 шілдеде Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, өндірістің үдерісімен  танысты.

        Кездесу барысында облыс прокуроры мен «Qarmet» АҚ-ң басқарма төрағасы Вадим Басин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

        Құжат бірлескен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуге, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, пробациялық бақылауда тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіруге, есірткі қылмысына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және еңбек заңнамасының бұзылуына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

        Меморандум прокуратура мен компания арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға негіз болады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы