«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында профилактикалық іс-шара өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында профилактикалық іс-шара өткізілді

Қарқаралы ауданының прокуратурасы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, аудандық полиция бөлімі және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-мен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында ауданның туристік аймақтарында рейд ұйымдастырылып, демалушылармен абаттандыру қағидаларын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және демалыс орындарының тазалығын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, заңнама талаптарын сақтау және туған өлкенің тазалығы мен табиғи байлығын қорғауда әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Таза Қазақстан» акциясы халықтың экологиялық санасын қалыптастыруға және заңға бағыну мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Тазалық, тәртіп және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау әрқайсымыздан басталады.

 

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы