Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.
Іс-шараға құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Отырысты аша отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретіні атап өтілді. Негізгі назар қылмыстардың алдын алуға, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға аударылды.
Алқа қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, профилактикалық тетіктерді жетілдіруге және өңір тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Қарағанды облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жалғастырады
Қарағанды облысының прокуратурасы