Қарағанды облысының Нұра ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалардың құқықтары қорғалды

Қарағанды облысының Нұра ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалардың құқықтары қорғалды

Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті нормативтік құқықтық актіде сәйкессіздіктерді анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мәслихат жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне тиісті өзгерістер енгізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қосымша санаттарына 15 АЕК мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік төлем алу құқығы берілді. Олардың қатарында жетім балалар, қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Осылайша қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын балаларға әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы көрсетуге мүмкіндік жасалды.

Қарағанды облыс прокуратурасы