Прокуратура актісі бойынша әйелдерге медициналық қызметтер үшін заңсыз алынған қаражат қайтарылды

Прокуратура актісі бойынша әйелдерге медициналық қызметтер үшін заңсыз алынған қаражат қайтарылды

Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында әйелдерден жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін негізсіз ақша алынғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС) аясында тегін көрсетілуі тиіс.

Яғни, МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер өз құқықтарын пайдалану мүмкіндігінен негізсіз айырылып, медициналық қызметтер үшін өз қаражаттары есебінен төлем жасауға мәжбүр болған.

Соңғы 3 жыл ішінде медициналық қызметтер үшін екі рет төлем алынған 775 жағдай анықталды, олардың жалпы сомасы 22 млн теңгені құрады.

По представлению прокуратуры Әлихан Бөкейхан 218 женщинам возвращены денежные средства на общую сумму 7 млн тенге (возврат осуществляется).

Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша 218 әйелге жалпы сомасы 7 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды (қаражатты қайтару жұмыстары жалғасуда).

 

Қарағанды облысының прокуратурасы