Әлеуметтік профилактикалық бейнематериал

Әлеуметтік профилактикалық бейнематериал

«Құқықтық тәртіп менен басталады» акциясы аясында Қарағанды облысы Абай ауданының прокуратурасы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында төтенше қызметтердің тұрғын үйлерге кедергісіз кіруін қамтамасыз ету тақырыбында әлеуметтік бейнеролик дайындады.

Бейнероликтің негізгі мақсаты – азаматтардың назарын көлік құралдарын тұраққа қою қағидаларын сақтаудың және тұрғын үйлерге кіреберіс жолдарды бөгемеудің маңыздылығына аудару. Себебі өрт сөндіру қызметтерінің, жедел медициналық жәрдем бригадаларының және өзге де төтенше қызметтердің оқиға орнына уақытылы жетуі адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға тікелей әсер етеді.

 

Қарағанды облыс прокуратурасы