
Қарағанды облыс прокуратурасының мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі «Құқықтық тәртіп өзіңнен басталады» науқаны аясында Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың қатысуымен әлеуметтік бейнеролик дайындады.
Аталған бейнематериалдың негізгі мақсаты – халық арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың заңға және құқықтық тәртіпке деген құрметін қалыптастыру. Бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың өмірден алынған шынайы оқиғалары арқылы көрермендерге құқыққа қайшы әрекеттердің жағымсыз салдары, жасалған қылмыстардың адамның болашақ тағдырына, отбасына және тұтастай қоғамға тигізетін әсері көрнекі түрде көрсетіледі.
Бейнеролик халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға және қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидаты туралы ақпаратты жеткізуге бағытталған.
Сонымен қатар, құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіруге және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылған.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы