Қарағанды облысында 1 843 азаматтың конституциялық құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.
Прокуратура Шахтинск қалалық мәслихатының әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесін негізсіз түрде 11-ден 3-ке дейін (туберкулез, АИТВ және онкологиялық аурулар) қысқарту туралы шешімінің заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.
Соның салдарынан 1 843 азамат мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған.
Шахтинск қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша нормативтік құқықтық акті заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, жергілікті атқарушы орган қажетті бюджет қаражатын бөлді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау Қарағанды облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы