
Қарағанды облысының прокуратурасы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік маңызы бар жаңа «Қолжетімді медицина» жобасын әзірлеп, белсенді түрде жүзеге асыруда.
Халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған пилоттық жоба облыс аумағында іске қосылды.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін күшейту, қызмет көрсетуге байланысты шағымдар мен оқыс жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ медициналық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған ресурстарды тиімді бөлу.
Жоба аясында облыстың медициналық ұйымдарында пациенттер ағынын басқаруға мүмкіндік беретін, қашықтан кезекке тұруды қамтамасыз ететін, кезектің мәртебесі мен қабылдау уақыты туралы өзекті ақпаратты көрсететін және медициналық ұйымдағы қызмет көрсету процесін оңтайландыруға бағытталған «Онлайн-кезек» цифрлық механизмі енгізілді.
Қазіргі уақытта аталған механизм пилоттық режимде қаладағы 4 емханада (№15, №2, №4 және Студенттік емхана) «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС өкілдерімен («Дамумед» қосымшасын әзірлеушілер) бірлесіп енгізілді.
Бұл тетіктің басты артықшылығы – пациенттер «Дамумед» қосымшасындағы «Менің емханам» бөлімінде онлайн-кезекке тұра алады.
Қазіргі уақытта аталған тетікті қаланың басқа емханаларында енгізу жұмыстары жүргізілуде.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы