
Қарағанды облысының прокуратурасы Бас прокуратураның инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, Инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, бұл жұмыстағы негізгі тетік - кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың алдын алудың тиімді құралы болып табылатын «прокурорлық сүзгі».
Бұл тетік шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері инвесторларға қатысты шектеу шараларын қолдануға, оның ішінде тексеру тағайындауға, әкімшілік іс қозғауға, сотқа талап-арыздар беруге қатысты барлық шешімдерді прокуратурамен келісуге міндетті.
Жыл басынан бері «прокурорлық сүзгіден» 163 шешім өтті, оның ішінде 21 материал бойынша прокуратура кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз әкімшілік шаралар қолдану әрекетінің алдын алды.
Прокурорлардың дер кезінде араласуының арқасында қол жеткізілді:
— 4 негізсіз тексеруге жол бермеуге;
— «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына қатысушымен шартты бұзуға жол бермеуге;
— 5,2 млн теңгеден асатын заңсыз салынған айыппұлдарды жоюға.
Көрнекі мысалдардың бірі - гофр картон қаптамаларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «TPA SARY ARKA» ЖШС-ні жауапкершілікке заңсыз тартудың жолын кесу.
Прокуратура кәсіпорынға қатысты жүргізілген тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұзумен, құқықтық статистика органдарында міндетті тіркеусіз басталғанын анықтады.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, прокуратураның наразылықтары бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қажетті рұқсатсыз жүргізген үш заңсыз бақылаулы сатып алу нәтижелерінің күші жойылды.
Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторларды қорғау және ашық инвестициялық орта құру қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылатынын естеріңізге салады.
Қарағанды облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 544-08-59 немесе Call-орталықтың 115 нөмірлеріне хабарласуға шақырады.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы