
Қарағанды облысының прокуратурасы интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша 541 алаяқтық фактісі тіркелді, оның 335 - интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалған.
Ең кең таралған схемалар: онлайн саудада, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ банк операциялары, ұтыстар мен инвестициялар туралы жалған хабарламалар.
Өңірде мұндай қылмыспен айналысқан тұлғалар ұсталды.
Мысалы, бір азаматша «Krisha.kz» сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, клиенттерден алдын ала төлем алып, қашып кеткен.
Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Прокуратура ескертеді:
- бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшалар орнатпаңыз;
- күмәнді операциялар кезінде банкке хабарласыңыз;
- алаяқтық белгілер байқалса, дереу «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы