
Қарағанды облысында мектептер мен колледждерде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған азаматтық тәлімгерлік жобасы іске қосылды.
Жобаның басты мақсаты — жеке үлгі мен ашық диалог арқылы оқушылардың заңға деген құрметін, жауапкершілік сезімін және тұрақты адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Жоба Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының қолдауымен жүзеге асырылып, оған прокуратура және құқық қорғау органдарының ардагер-тәлімгерлері, педагогтер мен қоғам өкілдері қатысуда.
Аталған бастама буллинг пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оқушылардың тұлғалық дамуына және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Азаматтық тәлімгерлік тәжірибе мен болашақты ұштастырып, заңға бағыну мен әділдік өмір сүрудің қалыпты қағидасы болып табылатын ұрпақты қалыптастырады.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы