
Қарағанды облысының прокуратурасы жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арыздарды беру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі бұзушылықтарды анықтады.
Азаматтық істерді қадағалау барысында сотқа тиісті талап-арыз бермеген немесе заңмен белгіленген бір айлық мерзімді бұзған бірнеше мемлекеттік органдар анықталды.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды; барлығы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 843 375 теңге айыппұл салынды.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы