Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы

Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы денсаулық жағдайы жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға кедергі келтіретін жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын тоқтатуға қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан  айырылды.

Тағы 36 талап-арыз сотта қаралуда.

Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралуда.

Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.

Бұл жұмыс жалғасын табады.

 

#законипорядок#закон_и_порядок

Қарағанды облысының прокуратурасы