Батыр прокурорлар!

Батыр прокурорлар!

А.ж. 6 қарашада Қарағанды облысы прокуратурасының аумағында Ұлы Отан соғысының ардагерлері – прокуратура қызметкерлеріне арналған мемориалдық ескерткіш ашылды.

Мемориал соғысқа қатысушылардың ерлігін еске алу үшін орнатылған.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының прокуроры, сондай-ақ облыстық деңгейдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Полиция және Экономикалық тергеулер департаменттерінің басшылары қатысты.

Ескерткішті ашу құқығы прокуратура ардагерлері Рабиға Құсайынова мен Мұхтар Хамзинге берілді.

Бір минут үнсіздік пен ескерткіштің ашылуынан кейін Қарағанды облысының прокуроры Марат Сексембаев сөз сөйледі.

Соғыстың алғашқы айларында ғана прокуратура органдарынан майданға 21 адам, оның ішінде облыстық аппараттың 10 қызметкері кеткені атап өтілді.

Олардың қатарында Қарағанды қаласы Сталин ауданы прокуратурасының халық тергеушісі болып жұмыс істеген, кейіннен  Кеңес Одағының Батыры атанған Нұркен Әбдіров те болған.

Ұлы Жеңіс күнінен 75 жылдан астам уақыт өтті, бірақ біз өткен жылдардың тарихына үлкен құрметпен қараймыз.

Соғыс ардагерлерінің көпшілігі бейбіт уақытта өмірлерін Заңға қызмет етуге арнады және олар туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Іс-шара соңында қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Қарағанды облысының прокуратурасы