Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы азаматтардың назарына келесіні хабарлайды.
2026 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау кезінде олардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.
Заңнамалық өзгерістер медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға және кәсіби міндеттерін кедергісіз орындауына жағдай жасауға бағытталған.
Прокуратура Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және медициналық қызметкерлердің еңбегіне құрметпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады
#законипорядок #закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы