
Іс-шараға облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты - ашық диалог және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған бірлескен шешімдер әзірлеу.
Фронт-офистің қадағалау қызметі мен жұмысы аясында 76 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді. Аталған мәселелер рұқсат құжаттарын алуға, жер учаскелерін бөлуге және инженерлік желілерге қосылуға қатысты болды.
Бизнеске негізсіз әкімшілік қысымның алдын алуға бағытталған «прокурорлық сүзгінің» тиімділігі атап өтілді. Оны енгізген сәттен бастап мемлекеттік органдардың 1235 шешімі қаралды, олардың 120-дан астамы келісілмегені анықталды. Инвесторлар 370 млн теңге сомасына негізсіз айыппұл төлеуден босатылды.
Облыс прокуроры Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеттерін айқындап, инвестициялық прокурордың инвестор мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті.
Облыс әкімі инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, қолданыстағы қаржы құралдары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Қарағанды облысының прокуратурасы