
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.
Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.
Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.
Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Қарағанды облысының прокуратурасы