
«Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясы аясында Қарағанды қаласындағы «№2 оқушылар сарайында» облыс прокуратурасы мен полиция қызметкерлері есірткі бизнесінің алдын алу және жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың жолын кесу мәселелеріне арналған кездесу өткізді.
Акцияға Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының, білім беру саласының өкілдері, депутаттар мен атақты спортшылар қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға бетбелгілер орналастыру арқылы «жеңіл ақша» табумен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қатысудың құқықтық салдарлары жан-жақты түсіндірілді.
«Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясын барлық мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүзеге асырады.
Қарағанды облысының прокуратурасы