
Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде балалардың өмірі мен психологиялық денсаулығын қорғауға бағытталған арнайы алгоритм енгізілді.
Бастаманы облыс прокуратурасы жүзеге асырды. Бұл алгоритм мұғалімдерге оқушылардың мінез-құлқындағы қауіпті белгілерді дер кезінде байқап, оларға тиісті түрде ден қоюға көмектеседі.
Алгоритм қауіпті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда сынып жетекшілері, кураторлар, әкімшілік және мектеп психологтары қандай іс-әрекеттерді жүзеге асырулары қажеттігін нақты айқындайды.
Алгоритмнің негізгі мақсаты - проблемаларды ерте анықтау, балаға мұқият қарау, құпиялылықты қамтамасыз ету және әрекетсіздікке жол бермеу.
Бұл алгоритмді жүзеге асыру балаларға дер кезінде көмек көрсетуге, ауыр зардаптардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының прокуратурасы