Қарағанды облысының Шет ауданындағы Еңбекшіл және Жыланды ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен салынған екі жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу рәсіміне аудан прокуроры, аудан әкімі, ауыл тұрғындары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Аталған жобаларды іске асыру қайтарылған активтердің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және шалғай өңірлердегі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғанының жарқын көрінісі болып табылады.
Нысандар ауыл тұрғындарын қолжетімді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етіп, медициналық қызметтерге уақтылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Медициналық пункттер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және қолданыстағы стандарттарға толық сәйкес келеді.
Диагностикалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге барлық қажетті жағдай жасалған.
Медициналық пункттердің ашылуы қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, ауылдық аймақтарды дамытуға елеулі үлес қосады.
Қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандарды іске асыру барысы Қарағанды облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Қарағанды облысының прокуратурасы