Осакаровкада 50 кәсіпкер алкоголь сатуды шектеді

Осакаровкада 50 кәсіпкер  алкоголь сатуды шектеді

Мемлекет басшысының «Зан мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Осакаров ауданы прокуратурасының бастамасымен 50 кәсіпкер сағат 18:00-ден кейін алкоголь өнімін сатудан ерікті түрде бас тартты.

Бұдан бөлек, ауданның 11 ауылы алкоголь саудасынан мүлде бас тартқанын ерекше атап өткен жөн.

Бұл қадам - мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамның ортақ қауіпсіздік жолында күш біріктіруінің, үйлесімді іс-қимыл қағидатын жүзеге асыруының айқын көрінісі.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы