Тағайындау туралы

Тағайындау туралы

ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Тұрсынов Эльдар Нұртасұлы Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Э.Н.Тұрсынов 2003 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет етеді. Бұрын Қарағанды облысы Шет ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы прокуратурасының бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Қарағанды облысы Абай ауданы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы прокуратурасы бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Қарағанды облысының прокуратурасы