
ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Әділханов Асылхан Қапиятұлы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
А.Қ.Әділханов 2002 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет етеді. Бұрын Ақмола облысы Щучинск ауданы прокурорының көмекшісі, Ақмола облысы Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі, Ақмола облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, Қарағанды облысы Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, Нұра ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының прокуроры, Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Ұлытау облысының прокуроры, Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
Қарағанды облысының прокуратурасы