
ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сәттібаев Дәулет Қайырұлы Қарағанды облысы Балқаш қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Д.Қ.Сәттібаев 2007 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет етеді. Бұған дейін Павлодар мамандандырылған прокуроры прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Павлодар облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Мемлекеттік прокуратура департаменті бөлімінің аға прокуроры, Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуроры, Қарағанды облысы мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор қызметтерін атқарған.
Қарағанды облысының прокуратурасы