Қарағанды облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қарағанды облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясындағы  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысының прокуратурасы Қарағанды облысының Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп «Заң мен тәртіп. Тұрақты жұмыс» тақырыбында облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шараға облыстың 13 аудандық және қалалық мансаптық орталықтары, сондай-ақ 172 жұмыс беруші – ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысып, 4 000-нан астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңке барысында 1 107 азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алды.

Олардың ішінде 836 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама алды.

Пробация қызметі бағыты бойынша 107 жолдама берілді.

Келушілерге тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу бойынша кеңестер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ұсынылды.

Бұл шара жұмыссыз азаматтарға қажетті ақпарат алуға ғана емес, сол жерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы