Қарағанды облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша QR-код таныстырылды

Қарағанды облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша QR-код таныстырылды

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында әзірленген жаңа жоба - негізгі қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған материалдары бар QR-код таныстырылды.

 QR-кодта интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары, «дропперлік», жол қауіпсіздігі, даулы жағдайлар және интернеттегі этика тақырыптарын қамтитын қысқаша иллюстрациялар бар брошюралар ұсынылған.

Материалдарда деректі фильмдерге және облыс прокуратурасының ресми парақшаларына сілтемелер орналастырылған.

 QR-код адамдар көп жиналатын орындарға, қоғамдық көлікке және коммуналдық ұйымдардың түбіртектеріне орналастырылатын болады.

Бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдауға дайын екенін білдіріп, өз нысанында материалдарды орналастыруға келісім берген қала кәсіпорнының иесі облыс прокуроры тарапынан ынталандырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары түсіндіріліп, өңірдегі криминогендік жағдай бойынша сұрақтарға жауап берілді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы