Шет ауданында тоғыз ауыл "ішімдіксіз ауыл" мәртебесін алды

Шет ауданында тоғыз ауыл "ішімдіксіз ауыл" мәртебесін алды

Шет ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бүгінгі күнге дейін түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауданның 9 ауылы бастаманы қолдап, «ішімдіксіз ауыл» мәртебесін алды. Олардың қатарында Төменгі Қайрақты ауылы да бар.

Аталған елді мекендерде қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы