«2025 жылдың үздік мемлекеттік айыптаушысы» байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды

«2025 жылдың үздік мемлекеттік айыптаушысы» байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының прокуратурасында «2025 жылдың үздік мемлекеттік айыптаушысы» байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров мемлекеттік айыптауды қолдау прокурорлық қызметтің маңызды және басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Мемлекеттік айыптаушының дұрыс сөзі - прокуратураның беделін нығайтып, заңға деген құрметті қалыптастыратын жоғары кәсібиліктің, табаңдылық пен борышқа адалдықтың көрсеткіші.

Байқау мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру және соттарда айыптауды қолдау сапасына жауапкершілікті күшейту мақсатында өткізілді. Байқауға облыстық аппараттың, сондай-ақ Қарағанды облысының қалалары мен аудандары прокуратураларының қызметкерлері қатысты.

Биылғы жылдың түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар болып – Саран қаласының прокуроры Жанқозы Нақышев, Шахтинск қаласы прокурорының орынбасары Алмаз Бекмағамбетов, Теміртау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Дархан Дулатов, Теміртау қаласы прокуратурасының прокуроры Әли Шайхиев, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының бөлім прокуроры Жазира Сабденова, Саран қаласы прокуратурасының прокуроры Дінмұхамед Әлімқұлов танылды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының бөлім бастығы Әділ Садықов 2025 жылдың үздік мемлекеттік айыптаушысы болып танылды.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы