
«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында Саран қаласының прокуратурасы жастар арасында салауатты әдеттерді қалыптастыру және спортқа қызығушылықты арттыруға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Қаланың белгілі спортшыларымен бірлесіп, кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады, онда тәртіп, мақсатқа жету және жауапкершілік мәселелері талқыланады. Жастар спортшылардың жетістікке жету жолдары туралы олардың өз ауыздарынан естіп, спорттың денсаулықты шынықтырумен қатар өмірлік мақсаттарды айқындаудағы орнын түсінуге мүмкіндік алады.
Қала прокуратурасы ата-аналардың қолдауы мен қоғам өкілдерінің мұндай бастамаларға қатысуы белсенді әрі саналы жастарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратынын атап өтеді.
Қарағанды облысының прокуратурасы