Тағайындау туралы

Тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Мырзағали Дастан Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Д.Мырзағали прокуратура органдарында 2012 жылдан бастап қызмет атқарады. Жамбыл және Алматы облыстарында қалалық және аудандық прокурорлардың көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры және аға прокуроры, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалу заңдылығын қадағалау қызметінің басқарма прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы және Төлеби ауданының прокуроры лауазымдарында жұмыс істеген.

Қарағанды облысының прокуратурасы